Құрметті Клиент!
Қазіргі уақытта Сіз және Ломбард арасында жасалған кепіл билеті негізінде (бұдан әрі Шарт) төлемдерді өтеу бойынша мерзімін өткізіп алуына жол беріп өз міндеттемелеріңізді орындауда тәртібін бұздыңыз,. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін Сіз Шартқа №1 қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілге қойдыңыз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ломбард осы хабарламаны жіберген сәттен бастап көрсетілген берешекті күнтізбелік 10 (он) күн ішінде өтеу үшін қажетті шараларды қолдануыңызға сұраймыз. Бұл ретте Сіз белгіленген тәртіппен Ломбард Шарттарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгіне аласыз. Егер осы хабарламадағы талап орындалмаған жағдайда Ломбард ешқандай қайта ескертусіз Шартта көзделген жүгіну құқығын өзіне қалдырады отырып, оның ішінде өтініш бойынша заңнамада көзделген тәртіппен кепіл нысанасын өндіріп алу үшін қажетті әрекеттер қолданады.
"Микроқаржы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1- тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ Шарт бойынша Қарыз алушы Заңның 9-2-бабының 2- тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не Қарыз алушы мен Ломбард арасында Шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда Ломбард Заңда және Шартта көзделген шараларды:
1) Қағидаларға сәйкес Қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға.
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге коллекторлық агенттікке беруге.
3) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюға, сондай-ақ кепілге салынған мүліктен соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға не сот тәртібімен жүгінуге құқылы. Қарыз алушы/Кепіл беруші Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде Ломбард қабылдайтын қосымша шаралар: Ломбардтың мынадай шараларды қолдануға құқығы бар (Қарыз алушы осымен өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді):
1) Қарыз алушы микрокредиттің кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді қырық күнтізбелік күннен астам бұзған кезде микрокредит сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге;
2) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, Қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша берешекті реттеу жөніндегі келісімге қол жеткізілмеген және Қарыз алушы берешек бойынша қарсылықтарды ұсынбаған жағдайда, Қарыз алушының/Кепіл берушінің келісімін алмай нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде Қарыз алушының берешегін өндіріп алуға; 3) кепіл затын өткізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ кепілі міндетті тіркелуге жататын мүлікті қоспағанда, кепілзат бойынша Кепіл затын ломбардтың меншігіне, микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан кейін сауда-саттық жүргізбестен айналдыруға;
4) Міндетті тіркеуге жататын Кепіл затын өткізу микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан ерте емес, жария сауда-саттық өткізу арқылы жүзеге асырылады. Міндетті тіркелуге жататын кепіл нысанасы сауда-саттық басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жария сауда-саттықта сатылмаған жағдайда, кепіл заты ломбардтың меншігіне өтеді.
Анықтама алу үшін Шымкент қаласы, Б. Момышұлы даңғылы, 25/2 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Байланыс тұлғасы: Луиза
Байланыс телефоны: 8 705 352 8888, 87252 33 88 88